Әнші
Бұл бетте «Әнші» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұрып алаң-елеңде,
Болат басты ыңылға.
Әлде, жаңа өлең бе?
Түсінбедік шынында.
Не де болса құлақта
Таппады бір күй тыным.
Ал, бірақ та, бірақ та,
Шырқы кетті ұйқының.
Біле алмадым Ыңылдап,
Жылағанын қаншалық.
Қарындасым жымыңдап:
«Отыр, – деді, – ән салып».
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі