Айнат
Бұл бетте «Айнат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Десең сен кімді:
Өнерлі, әйбат?
Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.
Десең сен:
– Қойған
Етікті майлап..
Доғарып ойнын,
Тыңдайды Айнат.
Десең сен:
– Шәйді
Кәнеки, қайнат,
Түсініп жайды,
Құптайды Айнат.
Десең сен:
– Жаным,
Бөлмені жайнат,
Еденнің шаңын
Сүртеді Айнат.
Десең сен:
– Келіп,
Бөбекті ойнат,
Ойыншық беріп,
Құптайды Айнат
Десең сен:
– Енді
Әніңді сайрат,
Ұйытып елді,
Шырқайды Айнат.
Десең сен кімді
Өнерлі, әйбат?
– Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі