Қыс

Бұл бетте «Қыс» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 11985
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.
Қаңдай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген:
Бақша-бауды, тауды да
Бояған ақ түспенен.
Қыс дегенің ақ қана
Үлбіреген мақта ма?
Тыным таппай күнұзақ
Тұрғызады аққала.
Қыс дегенің аймақта
Қатып қалған қаймақ па?
Құлдырайды балалар
Шанаменен сай жаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері