Сақтық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сақтық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1249
Бір ақымақ зыр жүгіріп,
Жолда келе жатқанда,
Табанына шыны кіріп,
Саулап қаны аққанда,
Депті: «Етікті кимегенім
Мұнша жақсы болар ма?
Аяғымда жүрсе менің,
Етік аман қалар ма?».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері