«Қайраттың» жанкүйері
Бұл бетте ««Қайраттың» жанкүйері» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көптен күткен команда –
«Қайрат» шықты алаңға.
Стадион гу де гу,
Толып кетті адамға.
Осында отыр ағам да,
Осында отыр мамам да.
Оң жағынан маманың
Орын тиген маған да.
Жанкүйерміз бәріміз,
Шын ашиды жанымыз.
Көктем келіп, доп келіп,
Кірді сауық-сәніміз.
Тамаша ғой доп деген,
Қызықтаймыз көппенен.
Қынжыламыз кіжініп,
Қате кетсе ептеген.
Папам, мамам, ағамыз
Ойын сайын барамыз.
Жеңісіне «Қайраттың»
Желпінісіп қаламыз.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі