Ерден атайдың ертегісі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерден атайдың ертегісі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6983
Әні: Ескендір Xасанғалиевтікі

Кел, балалар, тұрмаңдар,
Бізде қызық, думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар.

Қайырмасы:
«Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен...»
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен.
Түрлі-түрлі ертегі
Тұла бойды ерітеді.
Ертеде өткен ерлердің
Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы.

Қиялдаймыз, самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері