Бұл бетте «Бөдене әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаз айы жайдары,
Шуақты күнменен.
Ауылдың аймағы
Толғанда қыр-белең,
Сайрайды бөдене
Тамаша үнменен.
Қайырмасы:
Бытпылдық, бытпылдық,
Шырқай ұшып тынбаймыз.
Бытпылдық, бытпылдық,
Жаз қызығын жырлаймыз.
Алқапта алтын дән,
Толықсып толады.
Шілдеде шалқып ән,
Ел егін орады.
Бөдене қырманға
Жақын кеп қонады.
Береке бұл маңда,
Мереке болады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі