Мақтаншақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мақтаншақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1689
Әні: Ибрагим Нүсіпбаевтікі

Жеке:
Мақтаншақ деп, балалар,
Текке мазақ етпеңдер.
Өнерімді санап ал,
Көрмей оны кетпеңдер.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Хор:
Бос мақтанбай сен енді,
Бар, үйіңе қайта бер.
Болсаң егер өнерлі,
Біз тыңдайық, айта бер.
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
Жеке:
Суда жүзіп балықтай,
Толқынында ойнаймын.
Кешке дейін жалықпай,
Тереңіне бойлаймын.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Хор:
Сүңгимін деп анада,
Су түбіне батқан кім?
Есін білмей жағада
Есеңгіреп жатқан кім?
Ой, ой, млқтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
Жеке:
Ауыздықпен алысып,
Мінем асау тайға да.
Зымыранмен жарысып,
Жетіп барам айға да.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Хор:
Құлағансың аттан да,
Достым, бекер мақтандың.
Сен жығылып жатқанда,
Қызығыңа батқан кім?
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
Жеке:
Баласымын малшының,
Қозыны да баққанмын.
Атышулы аңшымын,
Қасқырды да атқанмын.
Ой, ой, балалалар,
Кім менімен барабар?
Хор:
Қара мұның пысығын,
Тек ойынды баққан кім?
Қасқыр деп өз күшігін
Абайламай атқан кім?
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
Жеке:
Оқуға да талапты,
Баға жетпес баламын.
Бір қарасам сабақты,
Кілең «бестік» аламын.
Ой, ой, балалар,
Кім менімен барабар?
Хор:
Сабағыңа келгенде,
Бағаңды да білеміз.
Ұяламыз көргенде,
Күнделігің кілең «үш».
Ой, ой, мақтаншақ,
Айқайлама аттан сап.
Жеке:
Жақсы айттыңдар, достарым,
Салыныппын мақтанға.
Далақтаумен босқа құр,
Түсіппін-ау қақпанға.
Ой, ой, балалар,
Болмаңыздар табалар.
Хор:
Досың қателескенде,
Мазақ етіп күлмеңдер.
Осылайша өзгең де
Бос мақтанып жүрмеңдер.
Ой, ой, балалар,
«Бестік» болсын бағалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаншақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мақтаншақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаншақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаншақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері