Абай қойдық атыңды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Абай қойдық атыңды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1426
Айналайын, Абайым,
Атқан таңым –
Арайым,
Абай қойдық атыңды,
Ақылдасып ағайын.
Болсаң егер дәл ұғар,
Бұл сөздің көп мәні бар:
Талабыңнан танбасаң,
Іздегенің табылар.
Аударсаң бар пейілді,
Аударсаң бар зейінді,
Қолыңа алған әр істе
Боларсың сен бейімді.
Аңдап алыс-жақынды,
Аңда сөзді ақылды
Ұлы Абайдай болсын деп,
Абай қойдық атыңды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері