Комбайншы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Комбайншы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3170
Тың далада көсілген
Астық деген береке –
Қалықтайды төсінде
Комбайным кемедей.
Бағалаған алтынға
Біздің халық бидайды.
Комбайным қалпында
Ысырапсыз жинайды.
Астық деген береке –
Аппақ-аппақ нан болған.
Сабантой – шын мереке,
Көңіл шалқып, Ән болған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері