Бұл бетте «Ұшқыш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең аспанды шарлаған,
Ұшқыш деген мен болам.
Зымырандай самғаған
Ерен жүйрік ер болам.
Құздан өтіп,
Құлдырап,
Бұлттан да әрі асқанда,
Көз ұшында бұлдырап,
Шығам шырқау аспанға.
Күн күледі төбемде,
Тазарып шаң, түтіннен.
Бұлт дегенің төменде –
Ақ мақтадай түтілген.
Сапар шегіп тұс-тұсқа,
Жылдам жетіп бара алам.
Мен секілді ұшқышқа
Алғыс айтар бар адам.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі