Мүше
Бұл бетте «Мүше» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екі аяғың сау болса,
Асулардан асарсың.
Екі қолың сау болса,
Жақсы заттар жасарсың.
Екі көзің – шырағың,
Көру үшін жаралған.
Естіп екі құлағың,
Тәтті әуеннен нәр алған.
Иістерді, ал, мұрын
Сезу үшін жаралған.
Көмейдегі бал тілің
Сөзің үшін жаралған.
Ең мықтысы басың ғой,
Ақыл үшін жаралған.
Ақтарса ол асыл ой,
Орындалар бар арман.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі