Апта

Бұл бетте «Апта» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3391
Апта басы – дүйсенбі,
Тауып алдым Дүйсенді.
Екеуіміз қосылып,
Ордық жусан, изенді.
Екінші күн – сейсенбі,
Тауып алдым Сейсенді.
Айтып қызық әңгіме,
Көтерді ол еңсемді.
Апта ортасы – сәрсенбі,
Тауып алдым Сәрсенді.
Екеуіміз ағысқа
Жүзіп бердік қарсы енді.
Төртінші күн – бейсенбі,
Тауып алдым Бейсенді.
Екеуіміз қосылып,
Көп жұмысты еңсердік.
Жұма күні Жұмамен
Сайрандадым, мына мен.
Тау басынан теріп кеп,
Айран іштік жуамен.
Сенбі күні Сенбімен
Ән сап,
Төктім терді мен.
Болу үшін өнерлі,
Ерінбеймін енді мен.
Жетінші күн – жексенбі,
Тауып алдым Жексенді.
Жүріп жатқан өзенде
Қызықтадық көк сеңді.
Байқасаңдар, балалар,
Қойған ата-аналар
Күн атымен аталған
Бізде талай бала бар.
Соған құлақ түріңдер,
Еске сақтап жүріңдер:
Бір аптаны құрайтын
Жеті күнді біліңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апта өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Апта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері