Қолтырауын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қолтырауын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2196
Ыстық жақтың көлдері,
Өзендері – мекені.
Қатар-қатар көн тері,
Қалыңдығы екі елі.
Аузын ашып апандай,
Жүзеді екен ақырын.
Балықтарды бақандай
Жұтады екен батырың.
Қолтырауын қомағай,
Қанша сұсты болса да,
Бұрыла алмас ол оңай,
Жылдам емес оншама.
Асып-саспай, артына
Бұрылғанша оралып,
Кейбір балық шарқ ұра,
Кетеді екен жоғалып.
Қолтырауын сол шақта
Дәулігіне қарамай,
Көзден жасы моншақтап,
Жылайды екен баладай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері