Қыран – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыран» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1859
Қыран – құстың төресі,
Қарашы бір анықтап.
Көкте ұшқанын көресің
Самолеттей қалықтап.
Альбатрос,
Шағала,
Тазқара да,
Мысалы,
Қанат қақпай,
Жағада
Қырандарша ұшады.
Қыран бірақ қыран ғой,
Самғау үшін жаралған.
Шыңдалған шын шыдам ғой,
Тек биіктен нәр алған.
Аяласа аспанды,
Асқақ демей, не дейміз?
Жалындаған жастарды
Қырандарға теңейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері