Бұл бетте «Пингвин» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер ұшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мұхиттарда қыстайды.
Қатар-қатар тізіліп,
Маң-маң басып жүреді.
Сонда жақсы қызынып,
Тоңбайтынын біледі.
Баласының тамағын
Теңіздерден тереді.
Өзі жеген шабағын
Қайта құсып береді.
Қар жамылып,
Мұз жалап,
Мұхиттарды кешеді.
Содан олар мұзбалақ,
Төзімді боп өседі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі