Орта баға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Орта баға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2255
Жалқаубектің сабақты
Түсінуі күш болды.
Болмаған соң талапты,
Бағасы тек «үш» болды.
Үйге берген тапсырма
Ол да шала істелді.
Осынысы жақсы ма?
Және алғаны «үш» болды.
Ерте жатып ол енді,
Тәтті-тәтті түс көрді.
Күнделігін көр енді:
Оған тағы «үш» қонды.
Төсегінен тұрғанша,
Күн де шығып, түс болды.
Жалқаубектің бірқанша
Бағалары «үш» болды.
Жалқау бала оңа ма?
Жалқаубек шын күшенді.
Айналдырмай бола ма?
«Төрт» пен «бесті».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері