Албан мен Ерлан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Албан мен Ерлан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1678
Албан биыл алтыда,
Қара әділ қалпына:
Ережені құптайды,
Алға адым шықпайды.
Шиіріп кеп сақаны,
Асықты дәл атады.
Ерлан болса он бірде,
Қызық бала ол мүлде.
Бойындағы бір кемдік –
Жасайды ылғи үлкендік.
Қарамайды сызыққа,
Не дерсің бұл бұзыққа?
Алға адым басып бір,
Атады ол асықты.
Сөйтсе-дағы шатасып,
Дәл тимейді сақасы.
Албан бұған төзбейді,
Алыстан-ақ көздейді.
Қиқарлықтан не өнеді? –
Әділеттік жеңеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Албан мен Ерлан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Албан мен Ерлан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Албан мен Ерлан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Албан мен Ерлан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері