Бұл бетте «Бұлт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрген сайын аспанда
Ала шарбы бұлтты,
Әжем түткен ақшамда
Елестетем түбітті.
Жан-жануар, аңдардың
Кейпіне де келеді.
Кейде ақсақал шалдардың
Бейнесін де береді.
Бірде үйіріп қамшысын,
Қабағын тарс түйіп кеп,
Тасырлатып тамшысын,
Жібереді құйып кеп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі