Бұл бетте «Алғашқы қар» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қар жауып тұр, алақай!
Тысқа жүгір, балақай.
Шаңғың болса, алып шық,
Қыр басына барып шық.
Зырылдайық төменге,
Қосылайық өлеңге.
Шанамызды сүйрейік,
Әппақ қарды илейік.
Өзімізге шақ қана
Тұрғызайық аққала.
Асыр салып ойнайық,
Жаңа қарды тойлайық!
Өзімізге шақ қана
Тұрғызайық аққала.
Асыр салып ойнайық,
Жаңа қарды тойлайық.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі