Бұл бетте «Отаным» атты Абдрахман Асылбек жазған отан туралы өлең берілген.
26.07.2019
0
0
4923
Күн нұры елжіреп,
Аспаннан ағады.
Тұрады мөлдіреп
Жүзімдер сабағы.
Шалқыған айнала
Алтын дән айдыны.
Ақ мақта қайда да–
Даламның байлығы.
Көсілген қыраттар
Үстінде нұр тұнған.
Наз үнді бұлақтар,
Балығы бұлқынған.
Қар жапқан шыңдарын,
Тәкаппар таулары.
Күн сүйіп құм жалын,
Жайқалған баулары.
Аялап таң нұры,
Төгеді шапағын.
Осының барлығы –
Туған жер Отаным.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі