Құс әні

Бұл бетте «Құс әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1281
Жадыра, күн жалынды,
Жылыт балапанымды.
Өтінемін, жарығым,
Қыздыршы оның мамығын.
Жел-ау, жел-ау,
Жел-желек!
Көмектесші сен де кеп.
Бұталарға тез жетші,
Бөпешімді тербетші!
Жалықпашы,
Жапырақ,
Жайқалшы бір жадырап.
Жайлап әнді шырқашы,
Балапанды қымташы!
Бұлт, бұлт,
Кезе бермеші,
Төбемізден төнбеші!
Тиме балапаныма,
Жоламағын жанына!
Күн сәулесін төгеді,
Бөбек өсіп келеді.
Қатайған соң қанаты,
Әсем әнге салады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс әні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құс әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері