Жаз жарқыным – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаз жарқыным» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1467
– Құп болсын тілегің,
Айтшы, жаз, жарқыным,
Қай жаққа жібердің
Таңғы ауа салқынын?
– Қимылсыз қалпында
Қарбыздар қалғиды.
Жинап бар салқынды,
Қарыны қампиды.
– Айтшы, жаз, іркілме,
Ұғынғым келеді.
Қайда екен бұл күнде
Ақ гүлдер желегі?
– Кезіп жүр даланы
Ақ гүлдер желегі.
Өрнегін салады,
Құмға рең береді.
– Айтшы, жаз, сен енді,
Қақтайды ыстық күн:
Бар қанша керегі
Сәуленің ыстық тым?
– Жерге жай тамбаған
Алтын нұр ыстығым –
Сап-сары алмадан
Шашырар қысты күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері