Бақытты мақта – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақытты мақта» атты Абдрахман Асылбек жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1501
1
Көктемде
Жыртылған жерге
Сепкенде,
Кетті еніп жерге,
Тереңге.
Жоқ еді әл де,
Жоқ өң де...
Күні-түн өніп,
Бұлқынып,
Жарыққа ұрық ұмтылып,
Нәп-нәзік,
Онша еленбей,
Қылтиып тұрды
Тебендей.
Жапырақ жайды
Жас өнім.
Тірілді мақта,
Жаса өмір!
Көгерді,
Өсті,
Жеңді ол,
Бой созды күнге
Енді ол.
Ұмтыла берді сол мақта,
Бақытты еді сол шақта!
Көргенде егіс жемісін,
Диқан да бақытты еді шын.
Көктемде егіп мақтаны,
Аялап тыным таппады.
Суарды,
Күтті,
Баптады,
Аптаптан оны сақтады.

2
Мақта да мақта
Айнала,
Ұяң ең алғаш жай ғана.
Кең байтақ мына жер енді
Гүліңе сенің бөленді.
Бойыңда қуат кернеген,
Ақ толқын құмды тербеген.
Даланың ақ гүл,
Ақ таңы,
Өзіңсің – адам мақтаны!

3
Сен үшін, мақта,
Сірә, біз
Мақтанбай қалай тұрамыз:
Еңбекті етсек бір есе,
Өнімді бердің жүз есе.
Киюге сәнді, мықты да
Бересің сәтен, шытты да.
Мата емес жалғыз берерің,
Майың да – елдің керегін.
Тоқылған сенен кездеме
Қымбат-ау барлық кезде де.
Кигізсең диқан баласын,
Табады қандай жарасым!
«Ақ алтын» атың бекерге
Халыққа тарап кетер ме?
Өзіңді диқан мақтайды,
Күн-түні күтіп баптайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытты мақта өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бақытты мақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытты мақта өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақытты мақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері