Айтатын саған сырым бұл – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Айтатын саған сырым бұл» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 58461
Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жүр.
Адасып менен кеткен бе?
Айналайын құлын-жыр.
Айтатын саған сырым бұл,
Бастаудың мұздай суымен
Мерт бола кетсем жуындыр.
Өртенген жанды суындыр.
Ерте келіп,ерте өліп,
Шарамды таусып,төңкеріп,
Кетем бе деп қорқамын,
Өз отыма өртеніп.
Бұлақтың мұздай суымен
Жуындыр мені, жуындыр.
Қауышып жаным жырыммен,
Алайын сосын тыным бір...


Пікірлер (4)

Мукагали макатаев

Өте керемет болды

Зейнеп

Мұқағали мақатаев

Зейнеп

Ол ұнайды маған өлег

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтатын саған сырым бұл өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Айтатын саған сырым бұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтатын саған сырым бұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтатын саған сырым бұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері