Отаным Қазақстан
Бұл бетте «Отаным Қазақстан» атты Айнұр Байтен жазған отан туралы өлең берілген.
Отаным Қазақстан кең мекенім,
Өзіңді әнге қосып мен өтемін.
Таныды бүкіл әлем бұл күндері,
Қазақстан ең мықты ел екенін.
Ата-бабам армандаған бұл күндерді,
Қаныменен қорғаған сол күндері.
Орамалы желбіреп апалардың,
Ұйқысыз өтті қанша түндері?
Желтоқсаннның он алтыншы күні еді,
Қазағымның ар-намысты ұлы еді.
"Қазақты қазақ ғана басқарсын"-деп,
Айқайлады,ұрандады,үндеді.
Бүкіл елді дүрліктірген желтоқсан,
Қанша жасты қыршың қиған желтоқсан.
Қазақстан тәуелсіз ел болуды,
Барша халық ниет етіп,ел тосқан.
Қайрат,Ербол боздақтарым ерлерім,
Не де болса елің үшін ерледің.
Сәбирамен Ләззаттайын әпкеміз,
Қараңғыдан жарып шыққан күн едің.
Талай-талай ғасырға куә болған
елім-ай,
Не бір шайқас қырғынды көріп кеткен жерім-ай.
Шүкіршілік айтамыз бұл күндері
Аллаға,
Қазақ үшін жан берген Боздақтардың барына-ай.
Керемет!! Соз жок!! Онериниз орге жузсин!!
Жарайсын. Онерин шындала берсин
Өте керемет!!!! Жарайсың жаным !!! Өте ақылды, саналы, тəрбиелі келінсің, анасың .. адал жарсың ......
Керемет
Өнерің шыңдала берсін Айнура
Рахмет
Тек алга жаным
Алла тіл козден сактасын
Калайша сенің анің тәмәм болсын
Каймагы бузылмаган заман болсын
Магынасыз создерді оттар емес
Әндерің кулагердей шабар болсын
Айнура биіктерден корине бер Тек алга
Керемет! Жарайсын Айнур! Оте керемет!
Жарайсың.Керемет.
Өнерің өрге жүзсін ! Талабыңа нұр жаусын.Ойларыңды ашық, мағыналы жеткізе білуіңе тілектеспін.Өнерден ешқашан алыстама.Бала тәрбиесімен бірге өнерді алып жүру - ол өте улкен ерлік.Осы жолдан тайма!
Оте керемет жазылган.Талабына нур жаусын.
Оте керемет жарайсың.Қаламың ұштала берсін.
Керемет тамаша Айнұржан! Қаламың шындала берсін!
рахметтт
Тамаша. Бұданда тамаша туындылар шығаруыңа тілектеспін. Тек алға.
Жарайсын Айнуржан!Өнерің өрге жүзіп, биік шыңдардан көрінуіңе тілектеспін