Өлең
- 0
- 0
– Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
– Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
– Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
– Өмір бойы арын қорғап өтер ем!
Бұл бетте «Өзгерген қазақ болмысы» өлеңінің мәтіні және толық мазмұны берілген.
Көрсоқыр заман қырсығып,
Көрсетті "жаудың" қызы ғып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.
Жалғанда ауыр немене? –
Әкенің салқын назары.
Көз тоймас асыл немене? –
Ананың жарқын ажары.
Табиғаттың өзі барлық заманда
Ұқсайды да тұрады ылғи адамға.
Түрі-түсі, мінез-құлқы аумайды,
Қысың – ашу, жазың – күлкі содан ба?
Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,
Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.
Сипамашы арқамнан, жек көремін,
Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.
Біреуі едім мен де ерке үш ұлдың,
Бірақ саған өмір талай кішірдім.
Ал сен болсаң жалықпадың түртуден,
Енді міне мінезімді пісірдің.
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.
Модератор
Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Сагынгалиев
білім ғылым керек қой