Сендей-ақ болсын әр ақын
Бұл бетте «Сендей-ақ болсын әр ақын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Қазақтың әрбір ақыны,
Сендей-ақ болсын дер едім.
Айтпай-ақ қойдым атыңды,
Тұрған соң айтып өлеңің.
Сезіммен шайқап тереңді,
Түйінін ойдың шешесің.
Өрнектеп өлмес өлеңді,
Сөзіңмен тасты кесесің.
Патшасын сөздің аспанға,
Сендей-ақ ақын көтерсін.
Жасыннан енді жасқанба,
Жасын боп өзің өтерсің.
Үлкенді-кіші бар халық,
Айтады жатқа жырыңды.
Жырыңды сансыз арна ғып,
Шертіпсің мұң мен сырыңды.
Жыл сайын түлеп жаңғырып,
Самғадың, дала түлегі.
Жырыңды сенің мәңгілік,
Халқынның сақтар жүрегі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі