Көрікті Қорғалжын

Бұл бетте «Көрікті Қорғалжын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3356
Әнін жазған Кенжебек Күмісбеков

Қорғалжын, атамекен өскен жерім,
Балалық бал дәуренді кешкен жерім,
Атыңды мақтанышпен әнге қосам,
Жанымды желпіндіріп ескен желің.

Қайырмасы:
Сағымды белдер,
Шалғынды көлдер,
Жусаны жұпар аңқыған.
Аққулы-қазды,
Гәккулі сазды

Ән менен жыры шалқыған.
Көлінде қанаттанып балапандай,
Сімірдім бал суыңды қаға таңдай.
Ерекше жаратылған Қорғалжыным,
Сары бел, сағындырған дала қандай.

Қайырмасы.

Қорғалжын, құдірет бар келбетіңде,
Құстарың қиқулаған көл бетінде.
Көрсем де дүниенің сан ғажабын,
Саған тең мекен бар ма жер бетінде?

Қайырмасы:
Сағымды белде,
Шалқыған көлде
Жезкиік жүйткіп ойнайды.
Аққулы-қазды,
Гәккулі сазды
Көркіңе көзім тоймайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрікті Қорғалжын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көрікті Қорғалжын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрікті Қорғалжын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрікті Қорғалжын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері