Руымды сұрама

Бұл бетте «Руымды сұрама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2398
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев

Қаламасаң қырқысып құруымды,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Бәріміз де бір ата баласымыз,
Қоя тұршы «туыс» деп бұруыңды.

Қайырмасы:
Сен – қазақтың баласы,
Мен – қазақтың баласы.
Бәрімізге жетеді
Кең қазақтың даласы!

Тілемесең таусылып тынуымды,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Бөлінгенге кім бақыт бөліп берер,
Жоғалтпашы жүректе жылуыңды.

Қайырмасы.

Көргің келсе жайраңдап жүруімді,
Сұрамашы, бауырым, руымды.
Егеменді еңселі Ақ ордаға,
Ойласаңшы алтын ту тігуіңді.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Руымды сұрама өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Руымды сұрама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Руымды сұрама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Руымды сұрама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері