Айша бибі
Бұл бетте «Айша бибі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Марат Омаров
Айша бибі алаулаған нұр жүзі,
Жаркыраған Шығыстың бір жұлдызы.
Батысында Тараздың тұр күмбезі –
Сұлулықтың сөнбес мәңгі үлгісі.
Қайырмасы:
Айша бибі – махаббаттың жалауы,
Айша бибі – жүректердің алауы,
Айша бибі – о-о-о-о!
Айша бибі – көңілдердің қалауы.
Айша бибі Қараханға барғанда,
Жан-жарым деп жалын атып жанғанда.
Жылан болып жеткізбеді сұм ажал,
Айша бибі қала берді арманда.
Қайырмасы.
Айша бибі – аяулы жар, асыл жар,
Аңсап өткен бірін-бірі асылдар.
Айша бибі – тарихтың нұр тарауы.
Әсем ән боп жасай берер ғасырлар.
Қайырмасы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі