Біз – қазақпыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Біз – қазақпыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2995
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Атырау мен Алтайдың арасында,
Ертіс пен Сыр, Жайықтың жағасында,
Біз қазақпыз ежелден еркін өскен
Жасыл жайлау жазира даласында.

Қайырмасы:
Біз – қазақпыз ерікті,
Байтақ жері көрікті.
Асқар таулар – айбыны,
Бақша-баулар – байлығы.
Кереметтей кеңдігі –
Кеңпейілді елдігі.
Ерекше бір ерлігі –
Тәуелсіздік теңдігі.

Дақ түсірмей көңілдің кеңдігіне,
Ерке мінез, ер жүрек елдігіне,
Біз қазақпыз мың өліп, мың тіріліп,
Қол жеткізген тәуелсіз теңдігіне.

Қайырмасы.

Қасиеттеп, қастерлер халқымызды,
Ата дәстүр, салтанат, салтымызды,
Біз қазақпыз бабалар айбынымен
Асқақтатқан абырой, даңқымызды.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері