Жас жұбайлар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жас жұбайлар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4992
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев

Жас жұбайла –
Бір-біріне қимас көңіл жанашырлы,
Жанашырлы болыңыздар, жарасымды,
Жас жұбайлар,
Әр күндерің тату-берік, тәтті болсын,
Тәтті болсын, өмір көші сәтті болсын.

Қайырмасы:
Жас жұбайлар –
Бұл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.

Жас жұбайлар,
Ата-анаң ақтарыла бақ тілейді,
Бақ тілейді, ағайын да ақ тілеулі.
Жас жұбайлар,
Бақ тілейді бірге жүрген достарың да,
Ақ тілеулі ашық-жарқын аспаның да.

Қайырмасы:
Жас жүбайлар –
Гүл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.

Жас жұбайлар,
Ақ тілеулі алыс-жақын жамиғат та,
Бақ тілейді тамылжыған табиғат та.
Жас жұбайлар –
Асқақтаған әсем әнді нұр таңымыз,
Жас жұбайлар – өсер мәңгі ұрпағымыз.

Қайырмасы:
Жас жұбайлар –
Гүл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас жұбайлар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жас жұбайлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас жұбайлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас жұбайлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері