Бір ауыз хат жазсаңызшы, құрыса – Құралай Омар

Бұл бетте «Бір ауыз хат жазсаңызшы, құрыса» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Бір ауыз хат жазсаңызшы, құрыса...
Деген едім қар көңілім жылыса.
Қайдан пана таба алады жүрегім,
Іште дауыл, сыртта боран ұлыса?

Сезімімді бүркеп жанды тербеген,
Арпалыстым азынаған желменен.
Қанат бітіп ұшар едім қазір-ақ,
Дауысыңыз естілсе егер "кел" деген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері