Келші, айым
Бұл бетте «Келші, айым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Меліс Өзбеков
Көрікті көл беті,
Көк елес көлбеді,
Мен тұрмын жағада жабырқау.
Ай нұры арайлы
Айдынға тарайды,
Сүйіктім келер ме, япырмау?
Қайырмасы:
Айдын көл, сен айтшы,
Самал жел, сен айтшы,
Жарыма құс болып ұшайын.
Бір хабар берші, айым,
Жақындап келші, айым,
Лапылдап мәңгі құшайын.
Айым боп қалқышы,
Қайың боп балқышы,
Қызықты көктемнің кешінде.
Жарасты үніміз,
Жарасты жырымыз,
Тербелдік айдын көл төсінде.
Қайырмасы.
Гүлім боп аңқыдың,
Нұрым боп шалқыдың,
Өртеді тәнімді от лебің.
Бақытты шақтарда,
Жақұтты бақтарда,
Өзіңмен бірге көктедім.
Ұнады жақсы
Осы өленді қалай жүктеп алсамболат
Абдрахман Асылбектің Келші, айым өлең маған ұнады
Керемет ән,ұнады.
ән керемет,тіпті көзге жас келеді
Әннің әуені мен сөзі өте үйлесімді
Осы әннің әуенімен сөзін жазған ақынмен сазгердің махаббаттағы бүткіл жан дүниелері осы әнде .
Абдрахман Асылбектің «Келші, айым» өлеңін оқып, ақынның нәзік жанды, сезімтал адам екенін түсіндім. Өлеңде сағыныш, махаббат пен үміт әуендері астасып жатыр. Ақын өз сүйгенін «айым» деп аспан әлеміндегі ең жарық жұлдызға теңейді.
Осы әннің шығу тарихы қалай еді өте аянышты ғой
Шығу тарихы
Абдрахман Асылбектің "Келші, айым" өлеңі – махаббат лирикасының әдемі үлгісі. Өлең жеңіл әрі әуезді, әсіресе Меліс Өзбеков жазған әнімен қосылғанда шынайы әсер қалдыратыны сөзсіз. Мұндай романтикалық туындылар қазақ поэзиясының қымбат қазынасы. Рахмет!