Тойбастар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тойбастар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2407
Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Егеменді, еңселі елім барда,
Жерұйықты, жұмақты жерім барда,
Шаша берсін шашуын дарқан халқым,
Баса берсін өркендеп өмір алға.

Қайырмасы:
Ата салты тойбастар қазағымның,
Бастамасы жайдары наз әнімнің,
Толқып-тасып теңіздей шайқалады,
Бар әлемге танытып ғажап үнін.

Жеткен сайын жеңіске асқаралы,
Елімізде думан-той басталады.
Байрағымыз желбіреп көгімізде,
Аялаймыз Ақорда – Астананы!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері