Бұл бетте «Сүйеді екем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Сүйеді екем, сүйеді екем мен сені,
Сен екенсің өмірімнің өлшемі.
Сәл көрмесем, зіл басады еңсені,
Жоғалғандай жүрегімнің бөлшегі.
Қайырмасы:
Өзіңсіз ас батпайды,
Жанарым жасқақтайды.
Армандап аңсауменен,
Қиялым қас қақпайды.
Қасымда бірге жүрсең,
Көңілім асқақтайды.
Сүйеді екем, сүйеді екем жанымдай,
Бойымдағы ағып тұрған қанымдай.
Тіршілігім тоқтап қалар секілді,
Көз алдымнан қалсаң бір сәт табылмай.
Қайырмасы.
Сүйеді екем, сүйеді екем, елігім,
Еліктірген, желіктірген желігім.
Бағытымнан, шабытымнан жаңылтпас,
Сен екенсің Темірқазық серігім.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі