Сол бір кездер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сол бір кездер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7040
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Сол бір кездер, сол шақта,
Мөлдір сезім мол шақта,
Гүл жайнадық, нұр жайнадық,
Ұқсап маржан моншаққа.
Артқа тастап көктемді,
Асыппыз-ау көп белді.
Аңқылдаған, ән тыңдаған
Армандаймыз өткенді.

Қайырмасы:
Сол бір кездер қайда,
Сол бір кездер?
Қызығына қандың ба?
Таңғы шықтай тұнық
Мөлдір көздер,
Не тосып тұр алдыңда?

Жыл артынан жыл өтті,
Жанымды мұң жүдетті.
Бұл күнде сен сілкінбесең,
Кім жұбатар жүректі?
Махаббатты жырлауда,
Өмір шіркін зырлауда.
Алқынбасаң, жарқылдасаң,
Дайын сені тыңдауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол бір кездер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сол бір кездер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол бір кездер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол бір кездер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері