Неге – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Неге» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 5497
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Неге мөлдір бұлақ?
Неге желбір құрақ?
Өмір толы сұрақ.
Ойлашы
Неге қыздар нәзік?
Бірақ, Темірқазық.
Бойды біраз жазып,
Бойлашы.

Қайырмасы:
Шұғылаңды төге,
Тарттың мені неге?
Неге, неге, неге?
Шуақтым?
Сені алғаш көре,
Бар ынтамды бере,
Неге, неге, неге?
Ұнаттым?

Сезім – терең теңіз,
Махабатқа негіз.
Неге жүрек егіз?
Білдің бе?
Қыз бен жігіт күнде,
Қыдырмаса бірге,
Өкпелейді кімге,
Бұл күнде?

Қайырмасы.

Қарап тұрсын саған,
Секілді бар ғалам,
Қолыңды тез маған
Ұсыншы.
Қос жүрекке сене,
Қосылмаймыз неге?
Неге, неге, неге?
Түсінші.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Ахмет Динара

Өтініш әнін тауып беріңіздерші

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері