Бұл бетте «Ботагөзім – ардағым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Ботаның көздерінен аумай қалған,
Көздерің төңкеріліп, аунай қалған.
Өзіңді көрген сайын тағат таппай,
Бір арман жүрегімде лаулай жанған.
Қайырмасы:
Ботагөзім – ардағым,
Тал бойыңда бар ма мін?
Арулардың ішінен
Бір өзіңді таңдадым.
Ботагөзім – ардағым,
Алтын арай таңдарым.
Әуелеген әнімді
Бір өзіңе арнадым.
Қазақтар ботам деген қымбаттысын,
Ботагөз, бота сынды сымбаттысың.
Табиғат шеберлікпен құя салған,
Қияннан көз тартады сұңғақ мүсін.
Қайырмасы.
Кезігер бір-ақ рет өмір бағы,
Көншімес оны таппай көңіл бабы.
Өтейін аялаумен сылап-сипап,
Ботагөз, ботам болшы менің-дағы.
Қайырмасы.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі