Бұл бетте «Махаббат – бал өмір» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген.
Әнін жазған Қуат Шілдебаев
Көптен сағынған көктем келді де,
Қыс күні алмасты.
Күміс күлкіге кезек берді де,
Жас өмір жалғасты.
Қайырмасы:
Тамаша күндер,
Тамаша түндер –
Шалқыған ән-көңіл.
Дүние думан,
Қызықты қуған
Махаббат – мәңгі өмір.
Ерте оянып ерке бұлақтар,
Көңілді ән келді.
Гүлге оранып көркем қыраттар,
Ерекше сән берді.
Қайырмасы:
Тәңір табиғат шашып шапағат,
Бәрін де түлетті.
Көктем нұрымен гүлдеп махаббат,
Тербеді жүректі.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі