Сусамыр

Бұл бетте «Сусамыр» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2026
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Жаздыгүні жайлауда жүрдің бе сен?
Төкпе жорға теңселтіп міндің бе сен?
Көкпар тартып, қыз қуып, қымыз ішіп,
Жан құрбыңмен жайрандап күлдің бе сен?

Қайырмасы:
Сусамырдың жайлауы –
Жаз өмірдің жайнауы.
Жылқылары үйірлі,
Қойға толы қойнауы.
Әнші бәрі –
Малшылары
Жайдары.

Сусамырдың жайлауы алтын бесіқ,
Төңіректе тұрады тау тілдесіп.
Жұпар исі аңқыған саумал самал,
Дертке дауа ауасы, салқын кеші.

Қайырмасы.

Сусамырдың жайлауы таңғажайып,
Сұлулығын тартады алға жайып..
Алтыбақан тербеліп ай астында,
Желпінтеді жанынды ән ғажайып.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сусамыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сусамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сусамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сусамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар