Бұл бетте «Мәңгілік махаббатым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев
Балғын едім,
Шалғын едім
Құрақты.
Нәзік едім,
Наз үн едім
Бұлақты.
Ет жүрегім
Елжіреді еріксіз,
Сері бала,
Сені ғана
Ұнаттым.
Қайырмасы:
Бұл өмірдің –
Гүл өңірдің
Сәні не?
Шапағатсыз,
Махаббатсыз
Мәні не?
Жыр-әнім ең.
Қыраным ең,
Қымбатты.
Күндер қайда,
Түндер қайда
Тым тәтті?
Ұмыттың да,
Суыттың да
Жанымды,
Өмірімде,
Көңілімде
Мұң жатты.
Қайырмасы:
Табам деумен,
Алаңдаумен
Әлі де,
Құлақ түрдім
Шуақты үннің
Бәріне.
Қайда жүрсем –
Ойда бір сен,
Асылым,
Тосып келем,
Қосып келем
Әніме.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі