Бұл бетте «Айдай сұлу аруым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев
«Сырғалым» деп жырладым,
Сызыла кеп тыңдадың.
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің гүл бағым.
«Ақ моншақ» деп ән салдым,
Алтын таңды қарсы алдым.
Айдай сұлу аруым,
Тәтті үніңе тамсандым.
Қайырмасы:
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолында маржан жүзік-ай.
Тал шыбықтай бұралып,
Білінбес басқан ізің-ай.
«Шашбаулыма» салғаңда,
Құмарым бір қанған ба?
Айдай сұлу аруым,
Сен екенсің жалғаңда.
Ақ білезік қолында,
Жарасымды оның да.
Айдай сұлу аруым,
Жаным құрбан жолыңда.
Қайырмасы:
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолыңда маржан жүзік-ай.
Саусақтарың майысып,
Шай құйғаның қызық-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қолында маржан жүзік-ай,
Тал шыбықтай майысып,
Білінбес басқан ізің-ай.
Көзіңді сүзіп-ай,
Қарайсың жанды үзіп-ай.
Мына қысқа ғұмырдың
Өзіңмен ғана қызығы-ай.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі