Кеш жарық

Бұл бетте «Кеш жарық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 2
  • 9800
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.

Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

Қайырмасы.

Құшақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер – алдыңда.

Қайырмасы:

Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.
Енді жайлап жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.


Пікірлер (2)

Дана

Күшті

акбарыс

оте кушти магак озиме унады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш жарық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кеш жарық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш жарық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш жарық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері