Папамның әлдиі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Папамның әлдиі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1645
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Сықыр-сықыр бесігің,
Үйде жоқ мамаң, несі мін.
Папаң отыр әлдилеп,
Уайымсыз өс ұлым.
Әжең кеткен ауылға –
Ескі көздер қауымға.
Бір шал алып қалды ма,
Жетсе екен аман-сауында.
Барады заман ғарыштап,
Ғарышқа ұштық алыстап.
Әлдилейтін баланы
Темірден болса бабушка.
Мамаң сенің азанда
Кетіп еді базарға.
Ел жатпай ол келмейді,
Ұйқтай қойшы, сазарма.
Әлд и, әлди, кожегім,
Таусылмасын өлеңім.
Тағы да былғап қойыпсың,
Ішіңе жақпай жегенің.
Әлди, әлди, қояным,
Таң нұрына боянғын.
Сені ұйықтатып жатқанда,
Екіншісі оянды,
Үшіншісі оянды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Папамның әлдиі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Папамның әлдиі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Папамның әлдиі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Папамның әлдиі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері