Көбелегім
Бұл бетте «Көбелегім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі
Ауыл маңы көл еді,
Көк майсалы бел еді.
Желпіндірген жаныды
Жұпарлы жібек жел еді.
Қайырмасы:
Ей, көбелегім,
Көбелегім.
Өзіңмен мәңгі,
Өмірім сәнді,
Көнілім әнді
Деген едім.
Суалды көл қоғалы,
Куарды бел көгалы.
Қиқулаган құстардың
Бұрынгы әсем жоқ әні.
Қайырмасы:
Ұя салып дегелек,
Ұшып жүрсе көбелек,
Туған жердің төрінде
Осыдан артық не керек?
Қайырмасы.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі