Бұл бетте «Алтын таң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әліби Әбдінұр
Алтын таң арайлап атқанда,
Ұйқыдан әлем оянған.
Шуақты шапағын шашқанда,
Нұрына дала боянған,
Нұрына қала боянған.
Қайырмасы:
Менің де балапан жүрегім
Оянып алтын таңменен,
Баршаға жақсылық тіледім,
Аялап әсем әнменен.
Алтын таң – тынымсыз тіршілік,
Өзен де, көл де тербелген.
Күлімдей көгіне күн шығып,
Тәніңе қуат, дем берген,
Жаныңа шуақ, ем берген.
Қайырмасы.
Алтын таң – шаттық пен шапағат,
Көңілді көктем, гүл еткен.
Алтын таң – алғашқы махаббат,
Жүректер нәзік дір еткен,
Жүректер нәзік дір еткен.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі