Толған ай
Бұл бетте «Толған ай» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 6
- 31962
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай сұлулардың
Жалғанда тіпті кетпес көркі асып.
Сәулеңнің түскеніне әлдеқандай
Теңіздер жан теңгермес жатқан тасып.
Мәз-мейрам көкте қатар жүргеніне
Жұлдыздар иек қағып жымыңдасып.
Жалғыз-ақ іштен сені жек көреді
Екі жар қол ұстасқан сыбырласып.
«Жарықта қараңдап, бой көрінед!»- деп,
Бір-бірін сүйісе алмас мауқын басып.
Елжіреп көңілдері, құмар қанбай,
Айрылар біраздан соң амандасып.
керемет жазылган
маған ұнады,керемет,өте жақсы.
Керемет, өте жақсы жаттау оңай, Алланың нұры жаусын, көп рахмет айтамын,
көп рахмет айтамын,өте жақсы жаттау оңай Алланың нұры жаусын көп рахмет тағы да
Өте күшті барлығы Алланың нұры жаусын!
Бұйырса, Мағжан Жұмабаев оқуларынан Бас жүлде алып, облысқа өтермін. Ерең еңбегім ақталсын, жемісін босқа жемейін. Маған сәттілік! Өлеңге келетін болсақ, көргенің сурет сызғандай, сипаттап жазу. Қандай керемет, тамаша!