Бұл бетте «Аялдама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Әліби Әбдінұров
Бір қызды мен көріп қалдым, аялдама,
Көрген сәттен ерікті алды, аялдама.
Кері айтып оралғанша, аялдама,
Кетіп қапты, амал канша, аялдама.
Қайырмасы:
Аялдама, аялдама,
Қызды сүйсең, аялдама.
Жасқаншақтап, қапы қалма,
Таныс жылдам, жақын бар да.
Содан бері қала кезіп, аялдама,
Уақыт шіркін барады озып, аялдама,
Көрінбейді кара көзім, аялдама,
Сол қыз дейді сана-сезім, аялдама.
Қайырмасы.
Үмітімді үзбей келем, аялдама,
Сол аруды іздей берем, аялдама.
Көңіліме от қалаймын, аялдама,
Тапқанымша тоқтамаймын, аялдама.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі